Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Оның айтуынша, күн сайын Қосшыдан елордаға 22 мыңнан астам автокөлік кіреді.
— Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қосшыда шамамен 120 мың адам тұрады, олардың жартысы күн сайын қалаға кіріп-шығады. Біз келесі жылдың соңына дейін бұл желі толық аяқталады деп күтеміз, — деді Жеңіс Қасымбек Ақорда кулуарында.
Сонымен қатар 2026 жылдың соңына қарай Шыңғыс Айтматов көшесі бағытына тағы бір желінің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетелік LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастағаны туралы жазған едік.
Сонымен қатар елордада LRT-ға қатысты қағидалар бекітілген еді. Сондай-ақ LRT жылжымалы құрамдары сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдыққа жеткен еді.