Астанаға атпен келе жатқан жолаушы жұбайлардың мәреге жететін күні белгілі болды

19.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

– Ойға алған үлкен арманымыздың жүзеге асуына санаулы уақыт қалды. Көңіл күйіміз де, астымыздағы атымыздың жай-күйі де өте керемет. Қазақ елінің елордасы – Астананы көруге асығып келеміз. Бұйырса, ертең, 20 қазан күні Астанаға ат басын тірейміз, - дейді Қуанбек Түсіпханұлы.

Олар Тарбағатай аймағына қарасты Сауан ауданынан 8 тамыз күні жолға шыққан болатын. Екі айдан астам уақытын ат үстінде өткізген жолаушылар қазақтың ұлан-ғайыр даласын ат тұяғымен дүбірлетіп, Сарыарқаға жетті.

Сапардың жалпы аралығы – 2 500 шақырымнан асады. 

Айта кетейік, бұған дейін сайтымызда саяхатшылардың ұзақ сапары туралы мақала жарық көрген еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью