Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 9, 10 және 11 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 9, 10 және 11 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы9 сәуірде құбылмалы бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.
10 сәуірде құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан түнде 9-14, күндіз 3-8 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +8...+10 градус жылы болады.
11 сәуірде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0...-2 градус суық, күндіз +13...+15 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы9 сәуірде күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8, екпіні 15 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +14...+16 градус жылы болады.
10 сәуірде құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, кей уақытта екпіні 15 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +18...+20 градус жылы болады.
11 сәуірде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болады.
Қазақстанда 5 градусқа дейін аяз боладыБұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғатын, құбылмалы ауа райы күтілетінін хабарлаған болатын. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Шығыста қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады деп болжанған.
Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы 0-5 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 10-23 жылыдан 7-15 градус жылыға дейін салқындайды.