Астанаға келген Пашинян қазақстандық хитті қосып, “жүрек“ көрсетті

21.11.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіде Астанада түсірген видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіде Астанада түсірген видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Пашинян терезеден Астананың көрінісін көрсеткен. Кейін армян саясаткері қолымен "жүрек" белгісін көрсетеді. Бұл ретте фонда қазақстандық әнші Баянсұлу Сағындықованың (BAYANSULU) Aua rai атты әні қосылып тұр.

"Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін, бәріңізді жақсы көремін", – деп жазды Пашинян.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nikol Pashinyan (@nikolpashinyan_official)

Еске салайық, 20 қарашада кешке Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен келді. Әуежайда Армения үкімет басшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 21 қарашада екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью