Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астанаға келгендер қатарында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедов бар.
Айта кетейік, 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Қазақстанда маңызды халықаралық оқиға — Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС) өтеді.
Бұл іс-шара — өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясатының қисынды жалғасы.
Саммит Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте өткізіледі, сондықтан БҰҰ жүйесінің бейінді агенттіктері Саммитті дайындауға және өткізуге белсенді қатысады.
ЮНИСЕФ, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік және Халықаралық энергетикалық агенттік сияқты ірі ұйымдармен негізгі сараптамалық әрі мазмұнды қолдау көрсетеді. Олардың қатысуы тұрақты дамудың жаһандық басымдықтарын ескере отырып, саммиттің күн тәртібін қалыптастыруға және озық халықаралық тәжірибеге сүйенуге мүмкіндік береді.