Астаналық әйел баласын емдетемін деп жұртты алдап ақша жинаған

13.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Астанада полиция қызметкерлері 31 жастағы әйелді жеке пайдасы үшін әріптестерінің сенімін теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Декреттік демалыста жүрген әйел басшысына хабарласып, баласы терезеден құлап, жансақтау бөлімінде жатқанын айтқан. 

Әріптестері жанашырлық танытып, ем-домға көмек ретінде ақша жинап берген.

Алайда көп ұзамай шындық ашылды. Әріптестерінің бірі оның жұбайына хабарласқанда, ер адам баласының аман-есен екенін айтып, әйелінің айтқан сөзін жоққа шығарған.

Тексеру барысында әйелдің жиналған қаражатты жеке қажетіне жұмсағаны, соның ішінде Түркияға демалысқа барғаны анықталды.

Алаяқтық дерегі бойынша құқық қорғау органдары жедел тексеріс жүргізіп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Айта кетелік полиция интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерткен еді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью