Астаналық әскери колледж Айбын 2026 халықаралық жиынында топ жарды

26.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Қорғаныс министрлігі

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың атынан Жетісу облысының «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Ал Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтары атынан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Оңтүстік арландары» әскери-патриоттық клубының мүшелері, әскери оқу орындарының атынан Шымкент қаласының Сабыр Рақымов атындағы Әскери колледждің командасы өнер көрсетті.

Ойын таңғы ерте дабылмен басталды. Дәл сағат 7-де «Амандық» полигонында жауынгерлік дабыл қағылып, командалар далалық жағдайда әскер таңғы асын ішіп, күш жинауға бастапқы ауданға жедел аттанды.

Сапта бас төреші қатысушыларға тактикалық жағдайды, ойынның қатаң ережелері мен күрделі марш-жүгіру кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Командирлер жауынгерлік бұйрық салынған пакеттерді алған соң, «Алға!» пәрмені берілді.

 Voenmart: Әскерилер азық-түлік пен түрлі тауарларға онлайн тапсырыс бере алады

Арақашықтығы 2,5 шақырым болатын бағыт қатысушылардың төзімділігіне, психологиялық беріктігіне және командалық бірлігіне үлкен сынақ болды. Тапсырмалар неғұрлым жинақылықты, бар күш-жігерді жұмылдыруды және үйлесімді іс-қимылды талап етті.

Жас патриоттар азимут бойынша бағдарлап жүріп өтіп, шартты жараланған жауынгерді эвакуациялады, автокөлік дөңгелектерінен жасалған бөгеттерді еңсеріп, миналы-жарылғыш және жарылғышсыз кедергілерден өтті. Бұдан бөлек жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, шартты түрде залалданған аумақтан өтті.

 Қазақстанда қандай әскери қызметшілерге үш есе жалақы беріледі?

Тартысты додада Астана қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің командасы жеңіске жетті. Олар 2,5 шақырымдық қашықтықты 26 минут 30 секундта еңсеріп, мәреге бірінші болып жетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Екінші орынды 37 минут 40 секунд нәтижемен Сабыр Рақымов атындағы Әскери колледждің командасы иеленді. Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Оңтүстік арландары» құрамасы 57 минутта мәреге жетіп, қола жүлдегер атанды.

Ойын қорытындысы шығарылғаннан кейін Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері әсерлі тактикалық-имитациялық көрініс көрсетті. Бұдан соң Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары Су-30СМ жойғыш ұшақтары мен ЕС-145 тікұшақтарында жоғары пилотаж элементтерін орындап, көпшілікке тамаша әуе шоуын тарту етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов аға лейтенант әскери шенін алған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью