Астаналық кәсіпкер жаңа бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

26.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елордалық полиция қызметкерлері алаяқтық схемасына қатысы бар деген күдікпен азық-түлік дүкенінің иесін анықтады. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген әйел заңсыз ақша айналымына көмектескені, яғни «дропперлік» жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

фото: ашық дереккөз

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылы әйел интернет-дүкен арқылы 680 мың теңгеге квадроцикл сатып алмақ болған. Алайда қаражат көрсетілген есепшотқа аударылғаннан кейін сатушы байланысын үзіп, хабарсыз кеткен.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ақша аударылған банк шоты астаналық кәсіпкер әйелге тиесілі екенін белгілі болды.

Петропавлда 120 млн теңгені қолды қылған дропперлер сотталды

Күдіктінің айтуынша, бұған дейін оған бейтаныс ер адам хабарласып, ақшалай сыйақы үшін өзінің банк есепшотын қаражат аударуға пайдалануды ұсынған. Әйел бұл ұсынысқа келіскен. Қаражат түскен соң ол соманың бір бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын қолма-қол ақшаға айналдырып, үшінші тұлғаға берген.

Аталған факті бойынша кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Дропперлік шоттардағы миллиардтаған теңге бұғатталды

Полиция қызметкерлері 2025 жылдан бастап дропперлік әрекеттер ресми түрде қылмыстық жауапкершілікке жататынын еске салады. Банк есепшоттын, картаны немесе реквизиттерді үшінші тұлғаларға, тіпті «уақытша», «өтініш бойынша» немесе «ақы үшін» беру қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Дроппер болудың салдары қандай?

Соңғы жаңалықтар

Аспаннан түскен апат: Бразилияда найзағай соққысынан 72 шеруші жараланды

Әлем • Бүгін, 09:48

Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтеді

Қоғам • Бүгін, 09:35

Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:03

Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Қоғам • Кеше

Дәрігерлер де дәрменсіз: Үндістанда емі жоқ вирус тарады

Әлем • Кеше

Жанжал түбі – жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?

Қоғам • Кеше

Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Спорт • Кеше

Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды

Қоғам • Кеше

КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды

Экономика • Кеше

Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды

Әлем • Кеше

Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр

Әлем • Кеше

МӘМС жарнасын жергілікті әкімдік кімдерге төлейді?

Медицина • Кеше

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады

Қоғам • Кеше

АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью