Астаналық таеквондошы Тоғжан Қазынабек Болгария төрінде топ жарды

03.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарысын дәл осы беделді додадан бастаған Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетті. G-2 санатындағы турнирге ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысып, әлемдік рейтингтік ұпайлар сарапқа салынды.

Астана қаласының спортшысы Тоғжан Қазынабек 57 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды. Ол турнир барысында 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Ресей құрамасы бірінші орынды иеленсе, Иордания құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Бұдан бұрын Қазақстан таеквондодан БАӘ-де өтіп жатқан турнирде 3 медаль алғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью