Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астанада ер адам полиция жұмысын "тексермек" болып, суға батып бара жатқандай көрінген. Әлеуметтік желілерде пранк видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада ер адам полиция жұмысын "тексермек" болып, суға батып бара жатқандай көрінген. Әлеуметтік желілерде пранк видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ТолығырақВидеода ер адам суға батып бара жатқандай кейіп танытқан.
Сол маңнан өтіп бара жатқан мамандандырылған күзет қызметінің қызметкері көмекке ұмтылып, бірден суға секірген. Алайда шын мәнінде оған ешқандай көмек қажет болмаған.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
"Қызметке бара жатқан мамандандырылған күзет қызметінің қызметкері бірден әрекет етіп, суға секірген. Бірақ кейін бұл көрініс әдейі ұйымдастырылған болып шықты, ешқандай көмек қажет болмаған. Осы қойылымның авторы мен қатысушысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша, оларға 15 және 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу