Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Бойжеткен туған күнінде әпкесін таңғалдырды қалаған. Ерекше әсер сыйлау үшін ол түн ортасында көпқабатты үйдің ауласында, дәл көлік тұрағының ортасында ауқымды пиротехникалық шоу ұйымдастырудан басқа ештеңе ойлап таппаған.
Алайда үй тұрғындары бұл тосын сыйға қуана қойған жоқ. Тыныштықтың бұзылғанына ашуланған көршілер полиция шақырған.
Полиция қызметкерлері бірден үш әкімшілік хаттама толтырды:
түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін; елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны үшін; ұсақ бұзақылық жасағаны үшін.Нәтижесінде Астана тұрғынына айыппұл салынды.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
ІІМ ауқымды тексерістер қорытындысын жариялады: мыңдаған шенеунік жазаланды
Бүгін 08:57 2
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба
Полиция азаматтарды айналадағылардың тыныштығы мен демалысына құрметпен қарауға шақырып, тіпті мерекелік іс-шаралардың өзі өзгелерге қолайсыздық тудырмауы және қоғамдық тәртіптің бұзылуына себеп болмауы тиіс екенін еске салды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу