Астаналық зейнеткер алтын әшекейлерін сатып, оның ақшасын алаяқтарға аударып жіберген

09.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

78 жастағы Астана қаласының тұрғыны өзін мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған телефон алаяқтарына сеніп қалған. Содан ақшасын сақтап қалу сылтауымен өзінің жинақ қаражатын оларға ұстатып жіберген. Ол аз болғандай солардың нұсқауымен алтын әшекейлерін сатып, одан түскен ақшаны да алаяқтар көрсеткен шоттарға жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің ақшасы түскен банк шоттарының иелерін анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында елорданың 19 және 21 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

Ұсталғандардың бірінің банк шотына қылмыстық жолмен алынған 1 миллион теңге, ал екіншісінің шотына 2,5 миллион теңге түскені белгілі болды.  Олар ақшалай сыйақы үшін алаяқтарға банктегі есепшоттарын, ұялы телефондарын, SIM-карталарын пайдалануға берген.  Күдіктілерге қатысты дропперлік фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

"Жеке банк карталарының деректемелерін, растау кодтарын, мобильді банк қосымшаларының логині мен құпиясөзін бөгде адамдарға бермеуді ескертеді. Жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға беру арқылы сіз қылмысқа сыбайлас қатысушыға айналып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін", – деп ескертеді полиция өкілдері.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью