Астаналықтар Мәңгілік алау маңына қалампырдан қорған жасап жатыр

09.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСАНА, 9 мамыр –Sputnik. Астана жұрты Жеңіс күні атап өтіп жатыр.

Қала тұрғындары Мәңгілік алау маңына балаларын ертіп келіп, қалампырдан қорған жасап жатыр. Астаналықтардың айтуынша, бұл – фашизмді жеңген ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпау үшін маңызды дәстүр.

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

Астанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

© Sputnik / Санат Имангалиев

Елордада 9 мамырға арналған кең ауқымды бағдарлама: концерттер, спектакльдер, көше акциялары, көрмелер және патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Мереке бүкіл қала бойынша өтеді.

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

Астанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

© Sputnik / Санат Имангалиев

Сағат 12:00-де А. Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры алдында мерекелік концерт өтеді.

Сондай-ақ 12:00-де Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайындағы қала алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған концерт ұйымдастырылады.

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

Астанадағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

© Sputnik / Санат Имангалиев

18:00-де театрда "Ар адамы – Бауыржан" спектаклі қойылады. Сол уақытта Жасөспірімдер музыкалық театрында "Мәншүк" спектаклі көрсетіледі.

18:00-де Амфитеатрда мерекелік концерт өтеді. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында симфониялық оркестрдің "Жеңіс күні" концерті ұйымдастырылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью