Астаналықтарға көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу ескертілді

11.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Салық кодексіне сәйкес, көлік салығын өз меншігінде салық салу объектісі бар жеке тұлғалар төлейді. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында тіркелген немесе есепте тұрған барлық көлік құралы (тіркемелерді қоспағанда) салық салу объектісі, — деді Алтынгүл Тоқаева Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, салықты есептеу кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жылды қамтиды. Жеке тұлғалар өздері салықты есептеп, төлем жүргізеді. Сонымен қатар, салық органдары есепті жылдың соңында төлем сомасын есептеп, салық төлеушілерге хабарлайды.

— Егер салық уақытында төленбесе, салық органы борышкерге хабарлама жібереді. Хабарлама алынғаннан кейін берешекті ерікті түрде өтеу үшін 30 жұмыс күні беріледі. Осы мерзімде төлем жасалмаса, салық органы берешекті өндіріп алу туралы бұйрық шығарады. Егер төлем одан кейін де жүргізілмесе, іс атқарушылық органдарға жолданып, борыш сот орындаушылары арқылы өндіріліп алынады, — деді спикер.

Сонымен қатар, үш айдан астам уақыт өтелмеген және 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан берешек болған жағдайда, азаматтың Қазақстаннан тыс жерге шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

— Көлік салығын уақытында төлеу берешектің пайда болуына, қосымша шығындардың туындауына және сотқа жолданудың алдын алады. Сондықтан өз салық міндеттемелерін алдын ала тексеріп, төлемдерді белгіленген мерзімде жүргізу аса маңызды, — деді департамент өкілі.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес көлік салығын есептеу тәртібі өзгерді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью