Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
LRT-да ұмытылған жеке заттарды қайдан іздеу керек? Threads желісін пайдаланушылардың бірі осындай сауал тастады. Бұған City transportation systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жеңіл рельсті көлік Астанада жұмыс істеп жатқанына бірнеше ай болды. Күн сайын онымен ондаған мың адам қатынап, жолаушылардың кейбірі ара-тұра жеке заттарын ұмытып кетіп жатады.
Астана тұрғыны әлеуметтік желіде бекеттерде жоғалған заттар бюросы немесе сақтау камералары бар-жоғын сұрады.
Tengrinews.kz тілшісі бұл сауалды Tarlan Astana операторы - CTS компаниясына жолдады.
Threads-тен скриншот
CTS не деп жауап берді?Tarlan Astana мәліметінше, LRT-ның әр бекетінде сақтау камерасы бар.
Сонымен қатар әрбір сапар кезінде құрам ішінде вагондарды тексеретін пойыз операторы болады. Егер қызметкер ұмытылған затты тауып алса, оны сақтау камерасына өткізеді.
Фото: Астана әкімдігі баспасөз қызметі
Осылайша, LRT вагонында жеке заттарыңызды қалдырып кетсеңіз, бекеттегі кез келген қызметкерге жүгінуге болады, ол сізге жөн сілтейді.
Жолаушылар қандай заттарды жиі ұмытады?CTS баспасөз қызметінің мәліметінше, LRT вагондарында көбіне киім-кешек: күртеше мен жемпір, сондай-ақ құлаққап пен ішінде жеке заттары бар пакеттер ұмытылады.
Еске сала кетейік, Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің ресми атауы - Tarlan Astana болып бекітілді. Бұған дейін CTS осы атаумен жаңа жол жүру карталарын шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Бұл ретте астаналықтар бұрын сатып алынған көлік карталарын пайдалана береді.
Тағы оқыңыз: LRT-дан түсіп, әрі қарай тегін жүреді: астаналықтарға жаңа көлік “таратылады“
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу