Астананың айналма жолында екі жүк көлігі соқтығысып, өрт басталды

08.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астананың айналма жолында соқтығысу салдарынан жүк көлігі өртенді. Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, 8 шілдеде Iveco жүк көлігінің жүргізушісі айналма жолмен келе жатып, дөңгелегінің зақымдануы салдарынан рөлге ие бола алмай, жол жиегінде ақауға байланысты тұрған Man жүк көлігіне соғылған.

Соққыдан Man көлігі инерциямен металл қоршауға соғылған. Ал Iveco жүк көлігі жол апаты салдарынан өртенген.

Tengrinews.kz оқырмандары оқиға салдары бейнеленген видеоны бөлісті.

"Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полициядағылар.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью