Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Атап айтқанда, 4 сәуірден 4 мамырға дейін Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол жабынына орташа жөндеу жүргізіледі. Қозғалыс ішінара шектеледі.
Фото: Астана әкімдігі5 сәуірден бастап маусым айына дейін Е68 көшесінің Ә. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс жұмыстары басталады, автокөлік қозғалысы толық жабылады.
Б. Соқпақбаев көшесінің Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде де құрылыс жұмыстары жалғасады. Мұндағы көлік қозғалысы 5 сәуірден бастап қараша айына дейін толық шектеледі.
Фото: Астана әкімдігі«Абайдың 150 жылдығы көшесін Н. Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейін салу» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба аясында Бейбарыс Сұлтан көшесінен Сұлукөл көшесіне дейінгі аралық 5 сәуірден 10 қазанға дейін толық жабылады.
Фото: Астана әкімдігіСонымен қатар, Кенесары көшесінде Ә. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Жұмыстар 5-20 сәуір аралығында кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Фото: Астана әкімдігіҚазіргі уақытта М. Тынышбаев көшесінде А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта да жұмыстар жүргізілуде.
Фото: Астана әкімдігі— Толық жабылатын учаскелерде автокөлік қозғалысы баламалы бағыттар арқылы ұйымдастырылады. Аталған шектеулерге байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелістерді азайту мақсатында қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз, — дейді басқарма.
Бұдан бөлек, жақын уақытта мына көшелерде жөндеу жұмыстары жоспарланған:
• Ақан сері көшесі (Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейін);
• Алаш тасжолы (69-көшеден «Астана қаласының айналма жолына» дейін);
• Жаркент көшесі (Ш. Құдайбердіұлы көшесінен Хантау көшесіне дейін);
• Жанарыс көшесі (Сілеті көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін);
• 489-көше (абаттандыру жұмыстары), сондай-ақ басқа да учаскелер.
Бұл көшелердегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізу мерзімдері туралы ақпарат қосымша жарияланады.
Айта кетелік Астанада шолу дөңгелегінде өрт шықты.