Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақмола облысындағы Қосшы қаласында көпбалалы әке азаматтық некедегі әйелін және кішкентай қызын соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор ер адамға әйеліне жоламау туралы қорғау нұсқамасын рәсімдеген.
Полицияның мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қазан айында болған.
– Учаскелік инспектор тексеру барысында әйелдің ғана емес, оның екі жасар қызының да зорлық-зомбылық көргенін анықтады. Осыған байланысты ер адамға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы берілді. Қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп, сотқа жолданды, – делінген полиция хабарламасында.
Сот шешімімен ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.