Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Астанада көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы алдағы 10 жылға жуық уақытқа тоқтатылуы мүмкін аумақтар белгіленді. Ережеге тиісті түзетулерді елорда мәслихатының депутаттары мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Поделиться
Қай жерде құрылысқа тыйым салынады?
Елордалық сәулет басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтің айтуынша, қала шетіндегі аумақтарда 2035 жылға дейін құрылыс жүргізу үшін жер телімдерін беру тоқтатылады.
"Ережені қаланың магистральдық инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген шеткі аумақтарында жер учаскелерін беруге және көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға 2035 жылға дейін уақытша шектеуді көздейтін тармақпен толықтыру ұсынылады", – деді ол.
Мәселе инженерлік желілері жоқ, сондай-ақ балабақша, мектеп, аурухана және басқа да қажетті ғимараттар салынбаған аумақтар туралы болып отыр. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.
Қалада құрылысқа жер телімдері алынып жатырСонымен қатар Астанада танымал "Южный" және "Рассвет" гараж кооперативтерінің бір бөлігі сүріледі. Жалпы ауданы шамамен 4,3 гектар болатын 400-ге жуық жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынады. Әкімдік бұл орындарға мектеп салуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Үкімет Астананың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарын жаңартқанын жазған болатынбыз. Құжатта 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаланың тұрғын үй қоры 36,7 миллион шаршы метрді құрайтыны, оның 87,3 пайызы көппәтерлі үйлер екені көрсетілген.
Қазір бір тұрғынға шаққанда шамамен 24 шаршы метр баспанадан келеді. 2030 жылға қарай елордада бұл көрсеткішті бір адамға 26,2 шаршы метрге дейін жеткізу көзделген.
Қанша тұрғын үй сүріліп, қаншасы салынатыны туралы толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу