Астананың көпірінде сұмдық апат болды: 3 көлік соқтығысып, 2 адам тіл тартпай кетті

28.01.2026

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астанадағы көпірде үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы жағдай сәрсенбі күні кешкі уақытта тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың мән-жайын түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, Toyota маркалы көліктің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан келе жатып, көпір үстінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бетте тікелей бағытта қозғалып келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп нақтылады полиция.

Еске салайық, өткен аптада Астанада Ақжол даңғылында да екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы тіркелген еді. Сол жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тараған. Апат салдарынан төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ол жол-көлік оқиғасына Mitsubishi көлігінің жүргізушісі кінәлі болған. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Subaru автокөлігімен соқтығысқан.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью