Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Елордадағы соңғы майдангер, Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешев 103 жаста дүниеден өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ардагерді соңғы сапарға шығарып салуға Қорғаныс министрлігінің, Астана мәслихатының өкілдері, Алматы ауданының әкімі, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, ардагерлер ұйымдарының мүшелері және Рзағұл Байкешевтің туған-туыстары мен жақындары келді.
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Майдангердің отбасына Қорғаныс министрі атынан көңіл айту сөзін Астананың Алматы аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы подполковник Серік Қасенов жеткізді.
Қоштасу рәсімі құрмет қарауылы мен әскери оркестрдің қатысуымен өтті. Ардагердің рухына бағышталып жаназа намазы оқылды.
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Соғыс жылдарында Рзағұл Байкешев Ржев түбіндегі шайқастарға, Великолукск шабуыл операциясына қатысып, кеңес әскерімен бірге Польша мен Мажарстан жерлерінен өтіп, Жеңісті Берлинде қарсы алды.
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Соғысқа қатысқаны және көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Байкешев І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Соғыстан кейін ардагер Ақмола облысында тұрып, еңбек етті, ұзақ жылдар бойы совхозда экспедитор болып жұмыс істеді. Ол Ақмола облысының бұрын Рождественка деп аталған Қабанбай батыр ауылында жерленді.
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Майдангердің құрметіне салют тобы қарудан үш рет оқ атты.
Анықтама: Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қарашада Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. 17 жасында әскерге шақырылды. Калинин облысы аумағында, Ржев және Великие Луки қалалары маңындағы ұрыстарға қатысты. Польша, Румыния және Мажарстанды азат етуге үлес қосты. Майдан шебінде ефрейтор шеніне дейін көтерілді. Ерлігі мен қаһармандығы үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, сондай-ақ "Маршал Г.К. Жуков" медалімен марапатталды.
Фото: Ұлттық ұлан
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу