Астананың жаңа әуежайы: министр құрылыс жұмыстары қай кезде басталатынын айтты

01.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астананың жаңа әуежайын салу жұмыстары қай кезде басталатанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін президент Тоқаев Астана қаласында жаңа әуежай салу кезек күттірмейтін міндет екенін екенін мәлімдеген. Ал оның құрылысы көп ұзамай басталуы қажет.

Үкіметтің бүгінгі отырысында құрылыс жұмыстары басталатын уақыт жарияланды.

"Бұған дейін айтылғандай, Астана әуежайын салу – кезек күттірмейтін міндет. Қала әкімдігі тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр, құрылысты келесі жылы бастайды", – деді Сауранбаев.

Айта кетері, бүгінде қала әкімдігі жаңа әуежайдың құрылысына арналған бірнеше жер учаскесін қарастырып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью