Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанада адам ұрлап, бопсалаумен айналысқан үш ер адам 7–8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жәбірленушілермен Telegram арқылы танысып, кездесуге шақырып, кейін тақырған отырғызған, деп хабарлайды Tengrinews.kz елордалық прокуратураға сілтеме жасап.
Таныстық тұзаққа ұласты
Прокуратура мәліметінше, қаскөйлер Telegram-да қыздардың жалған аккаунттар пайдаланған. Олар ер адамдармен танысып, кездесуге алдап шақырғаннан кейін, қала сыртына күштеп алып кетіп отырған.
Сол жерде жәбірленушілерді ұрып-соғып, масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан. Осындай қысым көрсету арқылы ер адамдардан ақша талап еткен.
Қылмыстық топ үш жәбірленушіден жалпы сомасы 2,2 миллион теңге бопсалаған. Ер адамдардың бірі амалсыз микрокредит рәсімдесе, екіншісі көлігінен айырылған.
"Кездесу" немен аяқталды?Сот үш сотталушыны кінәлі деп танып, оларды 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура интернетте танысу кезінде сақтық таныту керек екенін ескертеді: адам ұрлау және ауырлататын мән-жайларда жасалған бопсалау қылмыстары үшін заңда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда өздерін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері ретінде деп таныстырған төрт ер адам ұсталған. Олар жергілікті тұрғынды ұрлап кетіп, қарумен қорқыту арқылы ақша талап еткен. Жәбірленушінің туысы оларға 3 миллион теңге аударған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу