Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Астрахань қаласында Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Әзербайжанның құтқару қызметтерінің қатысуымен "Каспий-2026" кешенді халықаралық оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана"Каспий-2026" кешенді халықаралық оқу-жаттығуы
"Каспий-2026" кешенді халықаралық оқу-жаттығуы
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
"Қатысушылар түрлі төтенше жағдайларға ден қою, зардап шеккендерді құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және бес елдің құтқару бөлімшелері арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру дағдыларын пысықтады", — делінген хабарламада.
Құтқарушылар бірлескен құтқару операциялары кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіруге ерекше назар аударды.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаУчения МЧС прикаспийских стран "Каспий-2026"
Учения МЧС прикаспийских стран "Каспий-2026"
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Ведомствоның хабарлауынша, мамандар төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету, арнайы техника мен жабдықтарды пайдалану және іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаУчения МЧС прикаспийских стран "Каспий-2026"
Учения МЧС прикаспийских стран "Каспий-2026"
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
"Іс-шара қорытындысы бойынша еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің екі қызметкері Ресей ТЖМ-нің "Құтқару жұмыстарындағы ынтымақтастық үшін" медалімен марапатталды", — делінген хабарламада.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаУчения МЧС прикаспийских стран "Каспий-2026"
Учения МЧС прикаспийских стран "Каспий-2026"
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
"Каспий-2026" халықаралық жаттығуы Каспий өңірі мемлекеттерінің құтқару қызметтері арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту үшін алаң болды.