Астықтан азыққа дейін...

27.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміздегі агросектор бір ғана астықпен өлшенетін кезеңнен өтті. Бүгінде ел әлемдік нарықта күнбағыс майын экспорт­таушы ТОП-ондықтың 8-сатысына көтеріліп, ал Еуропалық одақ елдеріне күнбағыс шротын жеткізуде алғашқы үштікке енді. Ендігі міндет – шикізатты сыртқа шикілей шығара ­бермей, оны ел ішінде өңдеп, қосылған құнды арттыру.

Елімізде майлы дақыл­дар­ды қайта өңдеу ке­йінгі жылдарда қар­қын ала бастады. Ауыл ша­руа­шылығы министрлігінің мәлі­метінше, былтырғы қаңтар–шіл­де қорытындысында өсімдік майы өндірісі 2024 жылғы сәй­кес кезеңімен салыстырғанда 24 пайыз артып, 420,5 мың тоннадан 521,2 мың тоннаға жеткен. Оның ішінде күнбағыс майының өндірісі 457,7 мың тоннаны құ­рап, бір жылда 24,5 па­йыз өскен. Ресми дерекке сәйкес 2024 жылы елде 753 мың тонна өсімдік майы өндірілген. Бұл 2023 жылғы 672,1 мың тоннамен салыстырғанда 12 пайызға артық. Күнбағыс ма­йының өндірісі 18,3 пайызға өс­кен. Көрсеткіштерге көз жү­гірт­сек, бұл салада жыл сайын саты­лы даму қарқыны байқалады.

Қазір елімізде жылына 4,7 млн тонна майлы дақыл тұқымын өңдеуге қауқарлы 88 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді екен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өндірістік қуаттың орташа жүктемесі шамамен – 35 пайыз. Бұл қолда бар инфра­құрылымның толық пайдаланылмай отырғанын, өңдеу көлемін арттыруға айтарлықтай резерв бар екенін көрсетеді.

Өндірістің өсуі ең алдымен егіс алқабының ұлғаюымен байланысты екені рас. 2025 жылы майлы дақылдар алқабы 36 па­йыз немесе 1,055 млн гектарға артты. Күнбағыс 481 мың гектарға көбейіп, рекордтық деңгейге жетті. Зығыр – 376 мың гектарға, рапс 173 мың гектарға артты.

Аймақтық тұрғыда күнбағыс егісін ұлғайтуда Павлодар облысы (+136 мың гектар), Қостанай облысы (+109 мың гектар), Солтүстік Қазақстан облысы (+65 мың гектар), Ақмола облысы (+46 мың гектар) алға шықты. Бұл солтүстік және орталық өңірлердің майлы дақыл өндірісіндегі салмағы артып келе жатқанын аңғартады. Негізгі майлы дақыл белдеуі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан болса, бұл қатардан Абай облысы да ойып тұрып орын алатын әлеуеті бар. Өңір­дегі егіс алқабының кеңеюі және түсімнің көбеюімен қатар өндіріске де айрықша маңыз беріліп отыр. Оның айғағы – облыс орталығында жаңадан ашылып жатқан зауыт.

Семей қаласы «Agrolider KAZ» ЖШС-ның базасында ашылған жаңа зауыт заманауи технология­лармен жабдықталған, жылына 72 мың тонна шикізатты қайта өңдеу қуатына ие. Жобаның жалпы құны – 4,1 млрд теңге.

Жаңа кәсіпорынның ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Сыртқы істер министрінің орын­басары Әлібек Қуантыров қатысты. Зауыттың ашылуында өңір басшысы агроөнеркәсіптік ке­шенді дамыту, ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерін өңдеу мен экспорттық әлеуетті арттыру об­лыс экономикасының негізгі ба­сым бағыттарының бірі екенін айтты.

«Мемлекет басшысы аграр­лық саланы әртараптандыру, шикізатты терең өңдеу мен қо­сылған құны жоғары өнім өндіру міндетін айқындап берген болатын. Бүгін іске қосылып отырған кәсіпорын – сол тапсырмалардың өңірлік деңгейде жүзеге асуының айқын көрінісі. Мұндай жобалар облысымыздың инвестициялық тартымдылығын арттыруда, жаңа технологияларды, заманауи стандарттарды енгізуде үлгі болары сөзсіз. Ерекше атап өтерлігі, мұн­дай кәсіпорын елімізде көп емес. Ең бастысы, біз енді тек шикізат өндіруші емес, сапалы дайын өнім шығаратын өңдеуші аймақ ретінде даму­ға қадам басып отырмыз. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өн­дірушілерінің табысын арт­ты­руға, экспорттық әлеуетті ке­ңей­туге әрі инвестициялық тар­тым­дылықты күшейтуге ықпал етеді», деді облыс әкімі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров жаңа зауыттың ел экономикасы үшін маңызды екенін айтты. Ал «Агролидер» ЖШС құрыл­тайшысы Әсемқан Досқожанов зауыт құрылысы қысқа мерзімде салынғанын жеткізді.

«Бұл өндіріс орны 1,5 жылда салынды. Жан-жақты қолдау білдіргені үшін облыс әкімдігіне алғыс айтамыз. Өнімдер 10 мемлекетке экспортталып, жаңа зауыт ел экономикасының дамуы­на өзіндік үлесін қосатынына сенеміз», деді ол.

2023 жылы құрылған «Agro­lider KAZ» кәсіпорны жарма, ұн, өзге де тамақ өнімдерін өнді­руге маманданған. Мұнда жасы­мықтың бірнеше түрі, зығыр, асбұршақ, жүгері, қарақұмық, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері өңделеді. Кәсіпорынның жылдық дайын өнім өндіру қуаты 800 тоннаны құрайды. Өнімдер Еуропа елдеріне, Қытайға, Түркия мен Африка мемлекеттеріне экспортталады.

Облыста былтыр агро­өнер­кәсіптік кешен саласындағы Жол картасы аясында 16,3 млрд теңге­ге 11 ірі агрожоба іске асырыл­ды. Биыл қайта өңдеу саласында ­7,3 млрд теңгеге «Qazaq-astyq ­group» ЖШС базасында тазартыл­ған май өндірісін, 7,7 млрд тең­геге «Eurasia Agro Semey» ­ЖШС базасында ірі ет өңдеу зауытын іске қосу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы та­уар өндірушілерінің майлы да­қыл­дарға бет бұруы олардың рентабельділігінің жоғары болуымен байланысты. Өңдеу инфрақұрылымы қалыптасқан, экспорттық сұраныс тұрақты, қосымша құн деңгейі жоғары. Күнбағыс тек май емес, сонымен бірге шрот пен күнжара ар­қылы мал шаруашылығы үшін стратегиялық шикізат көзіне айналып отыр.

Дегенмен қуаттың 35 пайыз­дық жүктемесі логистика, сақ­тау инфрақұрылымы, айналым қаражаты мен экспорттық рәсімдер мәселесін күн тәртібінен түсірмейді. Егер осы тетіктер жүйеленсе, қолда бар өндірістік база өзі-ақ өңдеу көлемін еселей алары сөзсіз.

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью