Асыл бесік Ақсуат фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды

09.06.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақсуат ауданында өтетін дәстүрлі «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалінің шымылдығы республикалық тоғызқұмалақ турнирімен ашылып, еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылар ұлттық зияткерлік ойында бақ сынады.
Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес жүлделі орындар анықталды.
Тоғызқұмалақ турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
І орын – Дәкен Елдар (Алматы қаласы) – 6 ұпай
ІІ орын – Жакиев Айдын (Қостанай облысы) – 5,5 ұпай
ІІІ орын – Аманқос Жантөре (Қызылорда облысы) – 5,5 ұпай
IV орын – Агитаев Салахаддин (Павлодар облысы) – 4,5 ұпай
V орын – Исахан Аяна (Абай облысы) – 4,5 ұпай
VI орын – Жанбау Диас (Ақтөбе облысы) – 4 ұпай
VII орын – Батыр Ернұр (Алматы облысы) – 4 ұпай
VIII орын – Махмұтжан Азимхан (Астана қаласы) – 4 ұпай
IX орын – Молдабек Айдана (Жамбыл облысы) – 4 ұпай
Турнир барысында қатысушылар жоғары шеберлік танытып, тоғызқұмалақтың терең тактикалық мүмкіндіктерін көрсетті. Жарыс ұлттық спорт түрін насихаттауға және өңірлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға өз үлесін қосты.
Турнирге ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Дулат Тастекей демеушілік білдірді. AssylTas қоры тек тоғызқұмалақ ойнына жүлде қоры ретінде 3 000 000 теңге бөлген. Тоғызқұмалақ турнирінің бас жүлдесін (1 000 000 теңге) алматылық Елдар Дәкен ұтып алды. 
Биылғы «Асыл бесік – Ақсуат» фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген спортшы мен өнерпаз жиналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестивальдің жалпы жүлде қоры 100 миллион теңгеден асады. Фестивальдің басты ұраны – «Туған жерге туыңды тік».
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью