Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?

17.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ұлытаудан басталып, Түркістан, Атырау, Көкшетау өңірлерінде жалғасын тауып, қасиетті Қызылордада түйінделген Ұлттық құрылтай өткенімізді таразылап, болашақты бағамдайтын рухани алаңға айналды. Сыр бойында өткен бесінші Құрылтайда айтылған ойлар ұлттық мұрамызды әлемге танытудың нақты бағытын айқындап берді.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

«Сыр – Алаштың анасы» деген сөздің астарында терең мән жатыр. Өйткені бүгінгі Қызылорда өңірі бір кездері қазақтың астанасы болған – ұлт жадының өзегі. Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ сынды көне шаһарларымен тарихта қалған аймақта сонау ерте дәуірлерде-ақ ұлтымыздың дамыған қалалары бой түзеп, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы еліміздің қалалық мәдениеті де қарыштап дамы­ғанын айғақтайды. Яғни қазақ даласы тек көшпенді өрке­ниетпен ғана шектелмеген. Демек, біздің тарихымызды әлемге таныту ісін ең алдымен осы жалған түсініктерді түзеуден бастау керек.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдағы сөзінде:

«Бұған дейін Ұлттық құрыл­тайда еліміздің рухани-мәдени мұра­сын әлемге таныту туралы бастамалар көтерілді. Соған сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, 14 жылда алғаш рет аса құн­ды «Хандар шежіресі» қолжаз­басын ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізі­міне енгіздік. Биыл жазда Корея Республикасының Пусан қаласында Бүкіләлемдік мұралар комитетінің кезекті отырысы өтеді. Сол кезде «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралады. Қазір Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарына кіреді. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі де көп жұмыс істелуге тиіс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді», деген болатын.

Осылай Президентіміз Қызылордадағы құрылтайда мәдениет пен өнерді стра­тегиялық саясаттың өзегіне айналдыру қажеттігін атап өтіп, рухани жаңғырусыз бірде-бір реформаның баянды болмайтынын тілге тиек етті. Демек, біздің алдымызда асыл мұрамызды жаңаша мазмұнмен әлемге таныту мақсаты тұр.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі­­нің директорының мін­де­тін уақытша атқа­рушы Досым Зікірия:

«Ұлт­тық құрыл­тайда Прези­дент асыл мұрала­рымызды әлемге танытудың маңызына тоқталды. Ол ке­шенді жұмысты жүзеге асыру үшін не істемек керек? Бұл орайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан елеулі істер атқарылып, келелі жоспарлар жасалып жатыр. Солардың қатарында Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарын, рухани мұрасын әлемге жүйелі таныту үшін жеке жобалармен шектелмей, ортақ тұжырымдама қабылдап, ұлттық мұраны танытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу, осылайша алдымен стратегиялық тұрғыда ЮНЕСКО, халықаралық ғы­лыми қауымдастық, креа­тивті индустрия және цифр­лық платформаларды бір арнаға тоғыстыру сынды істерге жол ашылуда. Соны­мен қатар «Ұлттық цифр­лық мұра» қо-рын іске қосу, архив құжаттары, музей жә­дігерлері, ғылыми еңбектер, фольклорлық мұраларды заманауи форматта цифрландырып, қазақ, ағылшын және басқа да кең таралған тілдерде қолжетімді ету бағытындағы жұмыстар да басталып кетті. Бұйырса жақын болашақта оның жемісін де көретін боламыз», дейді.

Сарапшы мамандар кейінгі жылдары еліміздің ЮНЕСКО аясын­дағы жұмыстары осы бағытта жүйелі жүргізіліп келе жат­қанын, «Хандар шежі­ресінің» «Әлем жады» тізіміне енуі, Маңғыстаудың жерасты мешіт­терін Бүкіләлемдік мұра­лар қатарына қосу талпынысы осы­ның дәлелі екеніне тоқталды.

Алайда мұраны тек тізімге енгізумен шектелу жеткіліксіз. Ол жәдігерлерімізге жан бітіріп, бұқараға түсіндіру, насихаттау, заманауи тілмен сөйлету қажет. Бұл жерде кино, деректі фильм, цифрлық платформа, жасанды интеллект мүмкіндіктері шешуші рөл атқарады. Мәселен, Жошы хан туралы көпсериялы фильмнің халықаралық платформаларда көрсетілуі – Алтын Орда брен­дін әлемге танытудың тың жолы. Бірақ бұл істе Президент атап өткендей, сыртқы көркемдікпен қатар ішкі мазмұнның тереңдігі бас­ты назарда болуға тиіс деп ойлаймыз.

Алайда асыл мұралары­мызды әлемге таныту бір реттік науқан болып қал­мауы керек. Ұлттың рухани құндылықтарын сақтап, әлемдік өркениетке лайық деңгейде таныта білген­де ғана бұқара елдегі саяси реформалардың нәтижесін сезінеміз.

Соңғы жаңалықтар

Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?

Руханият • Бүгін, 08:15

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Олимпиада • Бүгін, 08:10

Өрнекпен өрілген өнер

Өнер • Бүгін, 08:05

«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді

Басылым • Бүгін, 08:00

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Жануарлар • Кеше

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Инвестиция • Кеше

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

Ата заң • Кеше

Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң

Ата заң • Кеше

Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды

Аймақтар • Кеше

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Спорт • Кеше

Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды

Аймақтар • Кеше

Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды

Дін • Кеше

Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?

Саясат • Кеше

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Кеше

Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью