Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Асыл тұқымды мал сатып алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген кредит беріледі. Жаңа бағдарлама туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Қазақстанда мал шаруашылығын жеңілдетілген кредитпен қаржыландыруға арналған жаңа "БЕРЕКЕ" бағдарламасы енгізілді.
Министрліктің мәліметінше, бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жоғары өнімді асыл тұқымды мал сатып алуға кредит беру арқылы қолдауға бағытталған.
"Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жоғары өнімді асыл тұқымды мал сатып алуды қаржыландыру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған", – деп хабарлады ведомство.
"Береке" бағдарламасының шарттары:
импорттық ірі қара мал сатып алу – 500 бастан бастап;
ұсақ мал сатып алу – 1000 бастан бастап;
кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды;
кредит мерзімі – 7 жылға дейін.
Қаржыландыру бағыты мен сатып алынатын мал түріне қарай негізгі қарыз бен сыйақыны өтеуге 12 айдан 30 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған.