Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Отандық спорт тарихында алғаш рет еліміздің құрамалары ересектер арасында да, жастар құрамасы арасында да бір мезгілде жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Берік Асыловтың сөзінше, бұл жетістіктің маңыздылығы — стенд ату олимпиадалық спорт түріне жататындығында. Мұнда бәсекелестік деңгейі өте жоғары, ал әрбір жеңіс — көпжылдық еңбек, темірдей тәртіп пен нағыз спорттық мінездің нәтижесі.
— Сонымен қатар жарыс барысында қазақстандық спортшылар үш бірдей әлемдік және Азия рекордтарын жаңартты. Бұл — ұлттық мектептің дайындылығының жоғары деңгейін және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелдейді. Бұл табыс — федерацияның жүйелі жұмысының, бапкерлер штабы мен спортшылардың бірлескен еңбегінің, тәртіптің, мінездің және ортақ мақсатқа деген сенімнің нәтижесі. Құраманы лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймын. Алға Қазақстан, — деп жазды бас прокурор Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұдан бұрын Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында көш бастағанын жазған едік. 21 қаңтарда Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медальді салды.