Асықтан жасалған аспап шетелдіктерді таңғалдырды

20.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Шетелге конкурсқа қатысатын болдық, онда ешқандай электроника болмау керек деген талап болды. Осылайша, асықтан аспап жасадық. Атауы — асқақ. Атау Асық федерациясындағы азаматтармен ақылдасып қойылды. Оның дыбысы ерекше. Сондықтан шетелдердің қызығушылығы зор болды, — деді Аманжол Нығмет Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында.

Өнерпаз тек аспап жасаумен шектелмей, көмеймен ән салу дәстүрін кеңінен насихаттап келеді.

— Көмеймен ән айту — терең тарихы бар мұра. Мұны соғыс жылдары жауынгерлік рух беру үшін пайдаланған. Қазір ол ұмытылған өнер саналады. Сондықтан оны жаңғыртқым келеді. Бұл іске 8 жыл бұрын кәсіби түрде кірістім, — дейді ол.

Аманжол Нығметтің айтуынша, бұл өнерге қызығушылығы өзінің дауыс ерекшелігін байқаған сәттен басталған. Содан бері ол түрлі фестивальдерге тұрақты қатысып келеді.

— Түркітектес елдер арасында фестивальдар жиі өтеді. Оған қалмай қатысамыз, — дейді спикер.

Бүгінде өнер иесі дәстүрлі музыканы заманауи тәсілдермен ұштастырып, оны әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихаттап жүр.

— Қызығушылар көп. Көбіне шетел, еуропалықтар бәрін білгісі келіп, сұрап жатады, — деді Аманжол Нығмет.

Айта кетейік, Қазақстанда домбыраны ұшақ бортында алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью