Ата ана таңдауы: Биыл туған сәбилерге қандай есімдер жиі қойылды?

01.06.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: istockphoto.com

Биыл туған ұл балалардың ішінде ең көп қойылған есім – Алан. Бұл есім 957 нәрестеге берілген. Екінші орында – Әлихан (792 бала), үшінші орында – Мұхаммед (791 бала). Сондай-ақ ең танымал ер балалар есімдерінің алғашқы ондығына Айсұлтан, Алдияр, Хамза, Омар, Әлтаир, Мұхаммад және Әмір енді.

Қыз балалар арасында Айлин есімі ең танымал атанды. Бұл есім 1 744 нәрестеге қойылған. Екінші орынға – Асылым (1 449 бала), үшінші орынға – Мәдина (1 234 бала) жайғасты. Ең көп таңдалған қыз есімдерінің қатарында Томирис, Айша, Аяла, Мариям, Сафия, Айым және Әдия да бар.

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Статистикада ерекше назар аудартқан тағы бір көрсеткіш – сирек қойылған есімдер. Жыл басынан бері кейбір есімдер тек бір ғана балаға берілген.

Қыз балалар арасындағы ең сирек есімдер қатарына Ирислиқой, Жизель, Айлиша, Яраслава, Бегайым, Ақбата, Анара, Аша, Жанылсын және Юлдуззиё енді.

Ал ұл балаларға қойылған сирек есімдер қатарында Камранбек, Мұхамедин, Юсуфбек, Хасанбой, Бектілес, Райымхан, Рузали, Әл-Әли, Халилла және Яшар бар.

Еске салайық, елімізде балаларды кибербуллингтен қорғау шаралары күшейтіліп жатқаны туралы хабарлаған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью