Ата анасы жақсы тұрады : министр сәбиімен курьер болған келіншектің отбасы туралы айтты

18.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік желіде қызу талқыланған курьер келіншектің отбасының жағдайын зерттегенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін желіде кішкентай баланы ұстап жүрген курьер келіншектің видеосы кеңінен тараған болатын. Осыдан кейін мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты сұрақтар туындай бастады, желі қолданушылары еңбек министрлігін де сынға алды. Министр Ертаевтың айтуынша, курьер келіншек жалғызбасты ана емес. Оның күйеуі бар. Екеуі Шымкенттен Алматыға көшіп барған. Баланың анасы бірден курьерлік кәсіппен ақша табуға кіріскен.

"Біз ол отбасыны зерттеп шықтық. Баланың әкесінің IT мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Ал келіншегі техникалық мамандық бойынша оқыған. 19 мамырда олар Алматыға келген. Біз осылай көшіп баратын жастарға алдымен мансап орталықтарына баруға кеңес береміз. Сол жерде жұмыс ұсынады", - деді Ертаев.

Министрдің айтуынша, бұл отбасының көлігі мен кредиті де бар. Шымкентте жағдайы жаман болмаған.

"Ағасы ломбард бизнесімен айналысады. Ата-анасы да жақсы тұрады", - деп атап көрсетті Ертаев.

Министрлік келіншекті жұмысқа алған курьерлік қызметке де хабарласқан. Себебі кез келген курьерді алдымен оқытады, қауіпсіздік шараларына үйретеді.

"Оны баламен бірге жұмысқа қалай шығарған? Бізді осы мәселе мазалайды. Олар уақыт сұрады, келесі аптада тағы сөйлесеміз. Негізі, ондайда нақты тәртіп болуы керек", - деді министр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью