Ата заң жастардың әлеуетін арттырады

03.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Іс-шарада жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары мен оларды іске асыруда жастардың рөлі талқыланды. Сондай-ақ әлеуметтік-саяси сын-қатерлер кеңінен сөз болды.

М.Әшімбаев атап өткендей, қазіргі жаһандық тұрақсыздық пен қарқынды технологиялық өзгерістер жедел бейімделуді, тиімді басқару жүйесін қалып­тастыруды талап етіп отыр. Осыған байланысты Мем­­лекет басшысының бас­та­ма­сымен елдің консти­ту­ция­лық-құқықтық және инсти­туционалдық негіздерін жаң­ғырту үдерісі қолға алын­ды. Бұл қадамның басты мақ­саты – мемлекеттің ор­нық­ты да­муын қамтамасыз ету және сая­си жүйені терең демо­кра­­тия­ландыру. Осы тұрғы­да Сенат төрағасы мем­ле­кеттің жаңа моделін қалып­тас­тыратын негізгі бағыттарға тоқталды.

«Жаңа Конституция жобасы – ел болашағының мани­фесі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйе­ні жаңғырту бағдарының дәйекті жалғасы. Ата заң жобасы, ең алдымен, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қағидаттарына табан тіреп, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайды. Құжатта ұлттық бірегейлікті нығайтуға, мемлекеттік тілді дәріптеуге және патриоттық құндылықтарды қолдауға ай­рықша мән берілген. Адам капиталы ел келешегінің берік іргетасы ретінде жарияланған Конституция еліміздің білім, ғылым және инновацияға негізделген даму жолына түсіп, озық мемлекеттердің қатарына қосылуды көздейтін ұмтылысын айқын көрсетеді. Жалпы, құжаттағы барлық норма – ұзақмерзімді мем­лекеттік стратегияларға арнал­ған іргелі құқықтық негіз», деді М.Әшімбаев.

Сенат спикерінің айтуынша, референдум өткізу барлық бағытта жаңа тарихи кезеңнің басталатынын білдіреді. Бұл қадам партиялық жүйені, мәслихаттардың әлеуеті мен азаматтық диалог институттарын нығайтуға серпін беріп, орталық пен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылдың берік әрі тиімді вертикалын қалыптастыруға жол ашады. Конституцияны жаңарту арқылы жаһандық өзгерістерге бейімделу саяси архитектураны ғана емес, қоғамның әлеуметтік негіздерін де терең трансформациялауға қажетті алғышарттарды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар М.Әшім­баев заңнамалық жаңашыл­дықтарды табысты іске асыру жастардың белсенді қаты­суына, олардың білім дең­гейіне және ел тағдыры үшін жауапкер­шілікті өз мойнына алуға дайындығына тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті.

«Жаңа Конституцияның негізгі басымдығы – адам және оның құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүд­делерін қорғау. Конститу­циялық реформа келешек ұрпақтың өркендеуіне және жастардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретін ұзақмерзімді берік негіз қалыптастырады. Осындай жағдайда жастардың аза­мат­тық жауапкершілігі алдың­ғы орынға шығады. Әділет­ті Қазақстанды құру ісіне бел­сенді араласу, жаңғырту үдерісіне атсалысу, диалог пен жасампаздық мәдениетін дамыту – уақыт талабы. Бұл жолда Президент ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы маңызды бағдар болады. Ол Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып, еңбекқорлықты, адалдықты, кәсібилікті, үздіксіз білім алуды және отансүйгіштікті әрбір азамат үшін түбегейлі құн­дылықтар ретінде дәріптейді», деді Сенат төрағасы.

Палата спикері Сенат жанында бес жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің қыз­метіне де тоқталды. Бұл алаңдар әртүрлі саладағы жас маман­дардың сараптамалық қабі­летін жетілдіруге, кәсіби ойлау мәдениетін қалыптасты­руға бағытталған. Кездесу­де қатысу­шылар цифрлық құқықтарды қорғау, ғылым мен технологияны дамыту және өзге де өзекті бағыттарға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Конституциялық өзгеріс­терді талқылауға арналған іс-шараға жетекші ғалымдар, академиялық қауымдастық өкілдері, мемлекеттік басқару саласының сарапшылары мен ЕҰУ оқытушылары мен докторанттары қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда

Саясат • Бүгін, 09:45

Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Референдум • Бүгін, 09:38

Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды

Оқиға • Бүгін, 09:25

Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:15

Спортшыларымыздың айқын жеңісі

Спорт • Бүгін, 09:10

Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 09:07

Ата заң жастардың әлеуетін арттырады

Саясат • Бүгін, 09:05

Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы

Әлем • Бүгін, 09:00

Шекара дауы шиеленісті

Әлем • Бүгін, 08:55

Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы

Саясат • Бүгін, 08:50

Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында

Саясат • Бүгін, 08:45

Азия даму банкі ауқымды жобаларды қаржыландыруға мүдделі

Саясат • Бүгін, 08:40

Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тобылдағы қоныстой

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью