Ата заң жобасы пысықталып, нақтылана түсті

06.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Конституциялық реформа – мемлекеттің саяси жаңғыру жолындағы маңызды кезеңнің бірі. Ол билік жүйесінің тепе-тең­дігін сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостан­дық­­тарын кеңейтуге, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасын­дағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған. Кеше өткен Конс­ти­ту­ция­лық комиссияның кезекті отырысында сарапшылар осы және өзге де өзекті өзгерістердің жай-жапсарын талқыға салды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Жаңа Конституция жалпыға түсінікті болады

Жиында сөз алған Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин мазмұн, ұстаным, мағына, жаңашылдық, тілдік норма жағынан қолданыстағы Конституция мен жаңа Ата заңның арасындағы айырмашылық айтарлықтай екенін мәлімдеді. Өз сөзін реформаға қатысты түрлі хат пен пікір келіп түскенінен бас­тап, жаңа жобаның қажеттілігі мен маңызын көпшілік дұрыс қабылдап жатқанын айтты. Қолдау көрсеткен барша аза­мат­қа Конституциялық комиссия атынан алғысын білдірді. «Жаңа Конституцияны әуре боп қабыл­даудың қандай қажеті бар еді?» немесе «Ескі Ата заң қала берсін» дейтін пікірлер де кездесіп жатыр» деп айта келе, ол әрбір отырыста қоғаммен кері байланыс орнатып, туындап отырған сұрақтарға үнемі үн қатып жүргеніне назар аударды.

Бұл жолы да Мемлекеттік кеңесші туындаған бірқатар сұрақ­қа жауап беріп, мысал ретінде 1995 жылы қабылданған қолда­ныстағы Конституциядан бір үзінді оқып берді.

«Қазіргі Ата заңның 13-бабы 1-тармағында былай деп жазыл­ған: «Әркімнің құқық субъек­тісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қор­ғанысты қоса алғанда, заң­ға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы». Осыдан не түсінуге болады?», деп сұрады ол.

Оның пікірінше, мұны бірнеше рет оқыған адам да, тыңдаған адам да ештеңе түсінбейді. Ал мұндай түсініксіз сөйлемдерді, ұғынықсыз сөздерді қолданыстағы Атаң заңның көптеген бабы мен тармағынан кездестіруге болады.

«Асыра айтқандық емес, бірақ 1995 жылы қабылданған қолданыстағы ескі Конституция мен жаңа Ата заңның арасындағы мазмұндық, ұстанымдық, мағы­налық, жаңашылдық, тілдік, редакциялық тұрғыдан айыр­ма­шылық біршама. Жаңа Консти­туцияны, ондағы жаңа мәтінді жас та, үлкен де түсініп, қабылдай алатын болады. Ең бастысы – осы», деді Е.Қарин.

Сөз соңында комиссия төрағасының орынбасары мұн­дай жаңашылдықты жан-жақты түсіндіру керектігін айта келе, елдік істерге ақылмен, сындарлы көзқараспен, нақты жұмыспен, жасампаздықпен кірісу маңызды екенін атап өтті. 

Азамат құқығын қорғау – басты міндет

Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев жаңа Ата заң жобасындағы 18-бапты нақтылауды ұсынды. Оның айтуынша, комиссияның қарауына Конституция жобасының 18-бабына қатысты бірқатар ұсы­ныс келіп түскен. Заңгерлер мен маман­дардың пікірінше, заң техникасы тұрғысынан айқындайтын мәселе бар.

«Осы баптың 2-тармағында «Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды» деп көрсетіл­ген. Бұл жалпы дұрыс. Дегенмен, орыс тіліндегі аудармасында «мерзімнен артық ұстау» деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған. Сол себепті кейбір мамандар «сот шешімінсіз күдіктіні ұстауға мүлдем болмайды» деп түсіну қаупі бар екенін айтып жатыр», деді ол.

Ж.Өмірәлиев кісі өлтіру секілді қауіпті қылмыстар кідіріс­ті көтермейтіні анық, сондық­тан қылмысты тоқтату, күдіктіні дереу оқшаулау құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндетінің бірі екенін айтты. «Тек осыдан кейін ғана сот оны күзетпен ұстау туралы шешімді қабылдайды. Бұл дүниежүзілік тәжірибе саналады. Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керек. Сондықтан талқылаудағы осы норманы заң техникасы тұрғысынан қайта қарап, нақтылауды ұсынамын», деді ол.

Ал Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата заң деңгейінде бекітуді ұсынды. Спикер мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекет­сіздігі мәселесіне ерекше назар аударды. Дәл осы әрекетсіздік құқықтардың ең жиі бұзылуына әкеледі. Бұл – өтініштерді қарау мерзімдерінің созылуы, міндетті шешімдердің қабылданбауы, сот актілерін орындаудан жалтару, қызметтік міндеттерге формалды көзқарас таныту, т.б.

«Әрекетсіздік кезінде де, заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда да билік өкілеттіктерін жүзеге асырудың заңда белгі­ленген тәртібі бұзылады әрі жеке тұлғаның мүдделеріне нұқсан келеді. Осындай сын-қатерді ескере отырып, мемлекет азаматты заңсыз әрекеттер мен шешімдер қаупінен барынша қорғау үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін тұрақ­ты жаңартып, іс жүргізу заңна­ма­сы­­ның тиімділігін арттырып оты­рады», деп атап өтті С.Ақылбай.

2021 жылы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданып, қолданысқа енуі де көп жайттан хабар береді. Кодекс мемлекеттік аппараттың құқықтық санасына түбегейлі өзгеріс енгізіп, «азамат бәрін өзі дәлелдеуге тиіс» деген түсініктен «егер азаматта мемлекеттік органдар шешімдерінің заңдылы­ғы­на күмән туындаса, керісінше, соның заңдылығын дәлелдеу – мемлекеттік органның міндеті» қағидатына көшуге мәжбүр етті.

«Қылмыстық қудалау, әкім­шілік мәжбүрлеу, лицен­зия­лау, жер және салық салаларындағы жағдайлар ерекше сезімтал, өйткені бұл салаларда билік тарапынан жіберілген қателер немесе өкілеттіктерді теріс пайдалану елеулі әрі ұзақмерзімді салдарға әкелуі мүмкін. Сондық­тан мемлекеттің жария-құқық­тық жауаптылығын конститу­циялық деңгейде бекіту мәселе­сін көтеру маңызды. Бұл азамат­тық-құқықтық жауаптылықтың дәстүрлі институтын толықты­рады, жеке адам мен жария билік арасындағы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтірудің тиімді құралы болады», деді комиссия мүшесі.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаман­құлова да осы тақырыпты қолдап, әрбір азаматтың мемлекеттік органдар мен лауазымды адам­дардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізуді ұсынды.

Қ.Жаманқұлованың пікірін­ше, адамның мемлекеттік орган­дардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келтіріл­ген зиянды өтеу құқығы – заң үстем­дігі салтанат құрған мем­ле­кеттің және құқықтар мен бостандықтардың нақты сипаты­ның негізгі элементінің бірі. «Отан­дастарымыз осындай залал үшін барабар өтемақы алуға тиіс. Егер азаматқа әділетсіздік жасалса, ол жұмсаған уақыты, ақшасы немесе тіпті жүйкесі үшін өтемақы алуы керек», деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, мұндай конституциялық кепілдік азаматтарды қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз шешімдер мен іс-әрекеттер қабылдау қаупін азайта отырып, тұрақты алдын алу әсерін тигізеді. 

Ұлттық валюта – тәуелсіздік нышаны

Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров өз сөзінде ұлттық валюта мәртебесін Ата заңда бекіту туралы мәлімдеді. Бұл – ел азаматтары тарапынан түскен ұсыныстың бірі. Ұлттық валю­таның болуы мемлекеттің эко­номикалық тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын негізгі көрсеткіштің бірі саналады.

«Ұлттық валютаның мәртебе­сін Конституция деңгейінде бекіту – теңгенің институционал­дық маңызын нақтылап, қаржы-валюта айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың сабақ­тастығын қамтамасыз етеді. Соны­мен қатар ұлттық валютамызды Конституцияда бекіту арқылы болашақта әртүрлі алыпқашпа пікірлер мен алыпқашпа әңгі­мелердің алдын алар едік», деп нақтылап өтті депутат.

А.Қожаназаровтың айтуынша, қазір теңге мәртебесі заңмен реттелген. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңға сәйкес ұлттық валюта – теңге. Алайда әлемдік қаржы жүйесі өзгеріп жатқан жағдайда бұл мәселені Конституция деңгейінде нақтылау аса маңызды.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов та осы ойды жалғап, ұлттық валютамыз Конституция арқылы қорғалуы керек екенін жеткізді. Ол теңгенің тек ақша айналымының негізі ғана емес, сонымен бірге оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін эмиссиялық орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рөлін Консти­туцияда нақты көрсету қажеттігін атап өтті.

Оның пікірінше, Ата заңда цифрлық қаржы құралдары мен виртуалды активтердің дамуын ескере отырып, ұлттық валютаны нақты көрсету маңызды. Сон­дықтан ол бұл норманы конс­титуциялық деңгейде бекітуді қажет деп есептейді.

Ата заңның қазақ тіліндегі мәтінімен жұмыс істейтін арнайы топ құрылып, жүйелі әрі нәти­желі жұмыс атқарылды. Бұл туралы ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы, профессор Талғат Нәрікбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, терминдер жүйеленіп, қазақ тілі заңдылығына сай жазылған.

«Комиссияның алғашқы отыры­сында көтерілген термин­дердің бірізділігі мәселесінің еске­ріл­генін атап өткім келеді. Мысалы, заңгерлер қолданыстағы Конс­титуцияда «құқылы», «хақылы», «құқығы бар», «құқығы жоқ», «хақысы бар» сияқты термин­дер әртүрлі контексте қолда­нылатынын жиі сынға алатын. Жаңа мәтінде осы терминдер мағынасына қарай жүйеленіп, бір ізге түскен. Сондай-ақ терминология мәселесінде қазақ тіліндегі заңдылықтар мен ерекшеліктер ескерілген», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью