Ата Заңдағы жаңа құндылықтар бітімгерлік саясаттың негізі болмақ сарапшы

14.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұл туралы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов «Референдум-2026» онлайн марафонында мәлімдеді.

Профессор Ибрагимовтың айтуынша, Қазақстан бүгінде халықаралық қатынастарда «Middle Power» ретінде өз орнын нық айқындап үлгерді. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жұмсақ дипломатия саясаты елімізді тек өңірлік емес, жаһандық деңгейдегі салмақты ойыншыға айналдырды.

— Преамбулада белгіленген құндылықтар біздің мемлекеттің әлемдік кеңістіктегі бейбітсүйгіш рөлін нығайта түседі. Бұл — Қазақстанның халықаралық құқықтағы тұғырнамасын бекітетін үлкен құқықтық принцип. Біз кез келген құқықтық дау-мәселені тек қана бейбіт жолмен шешетінімізді бүкіл әлемге паш етеміз, — деп атап өтті ғалым.

Профессор халықаралық тәжірибеге тоқтала келе, Қазақстанның бітімгерлік әлеуетін былайша сабақтады.

— Біздің мемлекеттің халықаралық міндеттемелері мен ұстанымы кешегі «Ибрахим келісімі» секілді әлемді таңқалдырған бастамалармен үндес. Мұндай қадамдар мұсылман елдері мен басқа да тараптар арасында бейбітшілік орнатуды көздейді. Жаңа Конституция осы бағыттағы жұмыстардың құқықтық тетігіне айналады, — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның бейбітшілік тұжырымдамасын айқындайтыны жайлы заңгердің пікірін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью