Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Жарғысының 16.4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Төралқа Төрағасы тек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің шешімімен ғана сайланады және қызметінен босатылады.
-Осы мәселеге қатысты өзге де мәлімдемелер мен жарияланымдар шындыққа жанаспайтыны және құқықтық негізі жоқ екендігін атап өтеміз. Тексерілмеген және жалған ақпаратты таратпауға шақырамыз,-делінген палатаның Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.