Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Кейінгі 9 жылда Павлодар облысына 5726 қандасымыз көшіп келген. Олардың барлығына тиісті төлемдер мен көмек түрлері көрсетілген. Қандастардың дені Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, т.б. мемлекеттерден қоныс аударған.
Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Ресми деректерге сүйенсек, Ертіс бойындағы елді мекендерге биыл 977 қандас көшіп келуі керек. Квотаға іліккендерге қандай көмек түрлері тиесілі? Бұл сұраққа өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Самал Қадырова жауап берді. Оның айтуынша, көшіп келушілерге мемлекет тарапынан көптеген материалдық көмек түрі қарастырылған.
– Ең әуелі көшуге арналған субсидия – отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем, одан соң тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеуге арналған субсидия (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін) төленеді. Оған қосымша экономикалық ұтқырлық сертификаты (1625 АЕК мөлшерінде) да көшіп келушілерге тиесілі, – дейді басқарма басшысы.
Жыл сайын қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес елді мекендер тізімі бекітіледі. Бұл жерде көшіп келуші қоныстанатын елді мекенді өзі таңдайтынын ескерген жөн. Қандастарымыз көбіне ол жерде туыстары мен таныстарының көп болуына мән береді. Мәселен, былтыр облысқа 1016 қандас көшіп келген. Қандастардың дені Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, т.б. мемлекеттерден қоныс аударған. Көші-қон органдары кейінгі жылдары Қытайдан атамекенін іздеп келіп жатқандар саны арта түскенін айтады.
Атап өтерлігі, ішкі көші-қон бағдарламасы бойынша өткен жылы өңірге 1422 адам көшіп келген. Олар Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларына, сондай-ақ Железин, Ертіс, Тереңкөл, Павлодар және Успен аудандарына орналастырылған.
«Ішкі көші-қон аясында келгендердің ішінен жұмысқа қабілетті 632 адам бар, оның ішінде 176 адам жұмыспен қамтылды (5 адам жеке кәсіп ашты, 23 адам мемлекеттік грант алды). Жұмысқа қабілетті 545 қандасымыздың 113-і жұмыс орындарына тұрса, 11 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Өзгелерін жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар қолға алынған», дейді Самал Қадырова.
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстанға 6 843 адам көшіп келген, оның 2 234-і – қандастарымыз. Бұл тізімде Ертіс-Баян өңірі көш бастап тұр – 2 190 адам. Министрліктен атап өткендей, қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде қоныстану өңірлеріндегі көші-қонның теріс сальдосы 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмендеген. Бұл шаралар қоныс аударушылар мен қандастарға арналған әлеуметтік және тұрғын үй қолдауын жақсартуға мүмкіндік береді.
Негізі елімізде қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған Migration.enbek.kz порталы белсенді түрде дамып келеді. Министрлік мәліметінше, портал арқылы былтыр жалпы 18 639 өтініш өңделсе, ал пайдаланушылардың жалпы саны – 18 303. Порталдың ең танымал қызметтері қатарында этностық қазақ мәртебесін алу, ішкі қоныс аудару, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бар. Ең көп сұранысқа ие қызметтер қатарына мыналар жатады: «қандас» мәртебесін беру – 6 928 өтініш, оның ішінде 3 859-ы мақұлданған; еңбек шартына қол қою ниеті туралы келісім – 5 508 өтініш; қоныс аударудың өңірлік квотасы – 1 856 өтініш; көшу бойынша субсидия төлеу туралы өтініш – 1 330 өтініш. Портал заманауи цифрлық шешімдер арқылы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландырады, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бизнес-үдерістерді іске асырады.
Павлодар облысы
Соңғы жаңалықтар
Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:58
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:43
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Экономика • Бүгін, 12:33
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 12:09
FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:28
Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:17
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қоғам • Бүгін, 11:07
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Әскер • Бүгін, 10:57
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қоғам • Бүгін, 10:38
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Технология • Бүгін, 10:28
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Спорт • Бүгін, 10:17