Атақты футболшы Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтады

06.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бразилия құрамасының аңыз ойыншысы Неймар ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл шешім Әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап. 

34 жастағы шабуылшы ұлттық құрама сапында 130 матч өткізіп, 80 гол және 59 нәтижелі пас авторы атанды. Осылайша ол Бразилия тарихындағы ең үздік сұрмерген ретінде мансабын аяқтады.

Неймар Бразилия құрамасымен 2013 жылғы Конфедерациялар кубогын жеңіп, 2016 жылғы Рио Олимпиадасында алтын медаль иеленді. Алайда әлем чемпионатының басты жүлдесін жеңу арманы орындалмай қалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью