Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады?

02.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шыңғыс ЖӘНІБЕКҰЛЫ,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы:

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан ба­сына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын ел азаматтарына, елде тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Осы топтағы азаматтар аталған көмекті талап ете алады. Негізі АӘК шартты ақшалай, шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Оның ішінде шартты ақшалай көмек жалғызбасты немесе жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті азаматтарға, құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен тағайындалады.  Бұл көмекті тағайындаудың міндетті бөлігі – көмек алушы мен мансап орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасасу. Өйткені көмектің негізгі мақсаты – құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасыларға тек ақшалай көмек жасап қана қой­май, оларды жұмысқа орналас­тырып, табысын арттыру арқылы кедейлік шегінен шығару.

Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қа­білетті мүшелері болмаса немесе жалғыз еңбекке қабі­летті мүшесі белгілі себеппен жұмыспен қамту шарала­ры­на қатыса алма­ған жағ­дай­да беріледі. Атап айт­қан­да, жал­ғызбасты немесе жал­ғыз тұра­тын аз қамтылған аза­маттарға, егер олар зейнет жа­сында бол­са, бірінші неме­се екінші топтағы мүгедек­тігі болса, екі айдан ас­там уақытша еңбекке жарамсыз­дыққа әкелуі мүм­кін аурулары болған жағдайда тағайындалады. Құрамында еңбекке қабілетті адам жоқ немесе үш жасқа дейінгі баласы бар жалғыз еңбекке қабілетті адамға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде күтім мен көмекті қажет ететін қарт адамға күтім жасайтын аз қам­тылған отбасыларға да осы көмек көрсетіледі. Демек шарт­сыз ақшалай көмектің мақса­ты – табыс табуға мүмкін­дігі шек­теулі азаматтарды әлеу­меттік тұрғыда қолдау, кіріс­терін ке­дей­лік шегіне дейін жеткізу.

Жалпы, АӘК тағайындау­дың шарттары кедейлік шегіне байланысты белгіленеді. Оның мөлшері өңірлік медиандық табыстың 35%-на тең, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болмауға тиіс. Отбасы­ның әр­бір мүшесіне АӘК мөл­ше­рі от­басының жан басына шақ­­­қандағы орташа табысы мен өңір­лік кедейлік шегінің шамасы арасында айқындалады. Егер отбасының жан басына шақ­қандағы орташа кірісі осы көрсет­кіштен төмен болса, айырмасы АӘК мөлшерін құрайды. Былтыр 54,4 мың отбасы АӘК алды. АӘК алуға өтінішті ел аза­маттары «Электрондық үкі­­мет» веб-порталы, екінші деңгей­дегі банктердің мобильді қосым­шасы арқылы бере алады. Оған мүмкін­дік болмаса, тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына, ол болмаған жағдайда кент, ауыл, ауыл­дық округ әкіміне жүгіне алады.

Дайындаған –

Сәндібек АСАНӘЛІ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Оқиға • Кеше

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Қоғам • Кеше

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді

Ата заң • Кеше

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

Жануарлар • Кеше

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Оқиға • Кеше

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

Футбол • Кеше

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

Оқиға • Кеше

Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды

Оқиға • Кеше

ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады

Көрме • Кеше

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты

Қоғам • Кеше

«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды

Елорда • Кеше

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью