Атбасардағы азаптау ісі: түзеу мекемесінің 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімі жойылды

17.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атбасар ауданындағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Іс қайта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атбасар ауданындағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Іс қайта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері Атбасардағы түзеу мекемесінде сотталғандарға заңсыз ықпал ету әдістерін қолданды деп айыпталған (ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы - "Азаптау").

2025 жылғы желтоқсанда ҚАЖК қызметкерлері алқабилердің шешімімен кінәсіз деп танылып, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыс оқиғасының болмауына байланысты ақталған.

2026 жылғы 17 наурызда облыстық сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қайта қарау барысында процессуалдық заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, алқабилер құрамында бұрын соттылығы бар адам болғаны; соттың ескертулеріне қарамастан, алқабилердің көзінше қорғау тарапы жәбірленушілердің абыройына нұқсан келтіретін мәлімдемелерге жол берген, бұл дәлелдемелерді бағалауға және алқабилердің пікіріне кері әсер еткен; алқабилердің қатысуымен талқылауға жатпайтын жәбірленушілерге қатысты мәліметтер жария етілген.

"Сонымен қатар, сот алқасы қорғаушының заңсыз әрекеттеріне байланысты Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жеке қаулысын өзгеріссіз қалдырды және іс бойынша мемлекеттік айыптаушылардың заң нормаларын бұзғаны жөнінде Бас прокурордың атына жеке қаулы шығарды", - делінген Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты ҚАЖК қызметкерлеріне қатысты ақтау үкімінің күші жойылды.

Іс қайта қаралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью