Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
— Өздеріңіз білетіндей, ол зауытты қытай инвесторлары салу керек еді. Бірақ, инвестордың қаражаты болмай созылып кетті. Қазір басқа инвестор тауып, зауытты салуға тырысып жатыр. Елімізде локомотив паркі толығымен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта бірқатар локомотивтің пайдалану мерзімі аяқталады. Сол кезде инвесторлар аталған зауытты салады. Бүгінде құрылыс жұмыс тоқтап тұр, — деді вице-министр тілшілер сауалына орай.
Оның айтуынша, қытайлық инвестор құжаттарын министрлікке көрсеткен және бәрі дұрыс болған. Алайда, инвестор заем қаражат тарта алмай қалған.
— Нысан жұмыс істеп тұрған зауыттың жанына салынуы тиіс еді. Ондай болып тұрады, жеке инвестор. Саламыз, қаражат табамыз деп талпынды. Салуға рұқсат бердік, — деді Мақсат Қалиақпаров.
Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың тамызында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың, Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров пен «Қазақстан темір жолы» АҚ төрағасының орынбасары Талғат Алдыбергеновтің қатысумен Атбасарда локомотив құрастыру зауытын салуды бастау құрметіне капсула салынған еді. Сол кезде 2025 жылы пайдалануға берілетін зауыт магистральды электровоздардың 200 секциясын және маневрлік тепловоздардың 60 секциясын шығаратыны хабарланған болатын.
Айта кетелік Wabtec-тен 300 локомотивті 1 млрд доллардан астам ақшаға сатып алынатыны туралы жазған едік.