Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту бағытындағы стратегиялық қадамдар жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Президенттің 2026 жылғы 15 сәуірдегі №1233 Жарлығымен бекітілген стратегияны Атом энергиясы жөніндегі агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірледі. Құжат атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындайды. Негізгі міндеттердің бірі – энергетикалық теңгерімді әртараптандыру, көміртегі шығарындыларын азайту мен жоғары технологиялық секторды дамыту. Ұзақ мерзімді құжат бейбіт атомды тиімді пайдалану арқылы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, климаттық міндеттемелерді орындауға әрі ғылыми-технологиялық әлеуетті күшейтуге негіз қалайды.
Стратегия аясында атом электр стансаларын салу, қауіпсіз пайдалану жүйесін қалыптастыру, уран ресурстарын тиімді игеру, ядролық ғылым мен қолданбалы технологияларды дамыту көзделген. Радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеудің қауіпсіз тетіктерін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті күшейту де басты міндеттер қатарына енгізілген. Құжатта өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру, ұлттық өнеркәсіптік әлеуетті кеңейту, білікті мамандар даярлау, цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне айрықша назар аударылған.
Жоспарланған шаралар әлемдік ядролық экожүйемен ықпалдасқан заманауи кластер қалыптастыруға бағытталған. Стратегияға сәйкес, 2050 жылға қарай елімізде кемінде үш атом электр стансасы жұмыс істейді. Алғашқы жоба іске асыру кезеңіне өтті, екінші станса құрылысы қарастырылып жатыр. Үшінші АЭС-ке шағын модульдік реактор технологияларын пайдалану мүмкіндігі зерделеніп жатыр. Мұндай тәсіл энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, технологиялық тәуелсіздікті күшейтуге ықпал етеді.
Атом саласын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында да жаңа тетіктер енгізіле бастады. Өткен аптада Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ғылыми-техникалық кеңесінде уран өндіруден түсетін қаражаттың 1 %-ы есебінен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық тапсырмалар қаралды. Бұл тәсіл алғаш рет қолданылып отыр.
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Жаңа қаржыландыру жүйесі жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіруге жұмсаған шығындарының белгіленген үлесін ғылыми зерттеулерге бағыттауды көздейді. Қаражат ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыруға жұмсалады. Тетік қолданбалы ғылымды қолдаудың ашық әрі нәтижеге бағдарланған моделін қалыптастыруға бағытталған.
Ғылыми бастамаларды өндірістік міндеттермен ұштастыру атом саласының технологиялық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеулерді нақты өндірістік сұраныспен байланыстыру ресурстарды тиімді пайдалануға, ғылыми әзірлемелердің бытыраңқылығын азайтуға жол ашады. Бұл бағыттағы үйлестіру ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын айқындауға негіз болады.
Кеңес қорытындысында ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға басымдық беру жөнінде ұсынымдар әзірленді. Материалдар белгіленген тәртіппен Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданады. Бұл қадам ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, жаңа технологиялық шешімдердің енгізілуін жеделдетуге ықпал етеді.
Ұзақ мерзімді стратегия мен жаңа қаржыландыру тетіктері атом саласының жүйелі дамуына негіз қалайды. Ғылыми әлеуетті күшейту, өндірістік тізбекті кеңейту мен қауіпсіздік талаптарын жетілдіру елдің энергетикалық теңгерімін тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Қалыптасып келе жатқан институционалдық негіз еліміздің жаһандық ядролық кеңістіктегі орнына ықпал ететін маңызды фактордың біріне айналуы ықтимал.
Париждегі саммит: Әлем елдерінің атом саласындағы ынтымақтастығы нығая береді
Соңғы жаңалықтар
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42