Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Кездесу барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ағымдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша пікір алмасты.
Өзара іс-қимыл қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде және ядролық қауіпсіздік пен таратпау саласындағы міндеттемелерді сақтай отырып жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Сондай-ақ, тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау мәселелерін талқылады. Талқылау сындарлы және нәтижелі болды.
Кездесу қорытындысы бойынша бейінді мәселелер жөніндегі диалогты жалғастыруға өзара қызығушылық расталды.
Осыған дейін Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін қандай технология қолданатыны туралы жаздық.