Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жалпы саны 13 құжатқа қол қойылды. Олар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы саяси, экономикалық, энергетикалық, қаржылық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты қамтиды.
Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің ресми делегация мүшелері қол қойылған құжаттармен алмасты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолия Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум; Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Моңғолия Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрлігі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Моңғолия Қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Моңғолия Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрлігі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Моңғолия Банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен "Erdenes Mongol LLC" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; Астана қаласының әкімдігі мен Қарақорым қаласының әкімшілік аппараты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум ("Жаңа Қарақорым" жобасы); Алатау қаласының әкімдігі мен Қарақорым қаласының әкімшілік аппараты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум ("Жаңа Қарақорым" жобасы); Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені мен Моңғолияның Ұлттық қоғамдық радио және теледидары арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Моңғолияның "Шыңғысхан" Ұлттық музейі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.