Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Жетісу облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған оңалту жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді.
Бүгінде бұл бағытта қызмет көрсететін 9 мекеме бар. Онда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 800-дей бала оңалтудан өтеді.
Алдағы уақытта жаңа нысандар салу көзделген. Өкінішке қарай, сауықтыруға мұқтаж бүлдіршіндердің де саны артып келеді.
Суреттерді түсірген – Жұмабай МҰСАБЕК Өңірде жұмыс істеп тұрған бірнеше мекеме жүздеген баланың өмір сапасын жақсартуға, олардың қоғамға бейімделуіне үлес қосып отыр.
Соның ішінде атап айтатыны – атқа міну арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуды жүзеге асыратын Иппотерапия орталығы.
«Мұндағы оңалту орталықтарының ерекшелігі – дәстүрлі емдеу тәсілдерімен қатар инновациялық бағыттардың енгізілуі.
Соның бірі – иппотерапия, яғни жылқы көмегімен емдеу әдісі. Бұл тәсіл балалардың бұлшық еттерін нығайтып қана қоймай, олардың эмоциялық жай-