Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанда жеке сот орындаушылары институтын жетілдіруге бағытталған заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту және оларды бақылау тетіктерін жетілдіру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Kazgazeta.kz
Заң жобасына сәйкес, қолданыстағы жеке сот орындаушыларын заңнама мен Кәсіптік ар-намыс кодексін білу деңгейін тексере отырып аттестаттау енгізіледі. Бұл ретте қайта аттестаттаудан өтпеу лицензиядан айыруға негіз болады.
Сонымен қатар көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар қатаңдатылады. Атап айтқанда, соңғы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған тұлғаларды қызметке жіберуге шектеу енгізіледі.
Бұдан бөлек, әділет органдарының бақылау өкілеттіктері кеңейтіледі. Оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізу және олар орындалмаған жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру құқығы қарастырылған.
Тағы бір маңызды норма – уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша жеке сот орындаушысының шоттары бойынша қаражат қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну міндеті енгізіледі. Бұл қаржылық ашықтықты арттыруға және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы, қабылданған түзетулер жеке сот орындаушылары қызметінің сапасын арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді көздейді.
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Соңғы жаңалықтар
VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр
Әлем • Бүгін, 12:52
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған
Медицина • Бүгін, 12:37
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25