Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Виктор Федюнин\Kazinform— Көкпар — әлемде екі-ақ елде көруге болатын ерекше спорт. Оны шетелдерден көптеген турист тартатын құндылыққа айналдыруға болар еді. Жаһанды ұлттық мұрамызбен ғана таңғалдыра аламыз. Жалпы, мен ұлттық ойындарымызды, жылқыны қатты жақсы көремін. Бүгінгі көрмеге көкпарда түсірілген суреттерімді қойдық. Болашақта өзге де ұлттық ойындарымыз жөнінде көрме ұйымдастырғым келеді, — деді Никита Басов.
Сондай-ақ астаналықтар ресейлік сәулетші әрі мүсінші Игорь Роговский жасаған жылқының екі мүсінін де тамашалады.
Фото: Виктор Федюнин\KazinformФото: Виктор Федюнин\Kazinform— Мүсіндер табиғи материалдан жасалған. Өсімдіктердің тамырлары өзен бетінде ұзақ уақыт қалқып жүреді. Мен оларды теріп, жинап, шеберханама әкелемін де, мүсіндер құрастырамын. Неге бұл материалды таңдайтынымды түсіндірейін. Біріншіден, өсімдік тамырлары суда ұзақ қалқып жүретіндіктен, су олардың нәзік талшықтарын шайып, тек берік бөлігі қалады. Екіншіден, олар иілгіш келеді. Әр тамырды кеспей, сындырмай-ақ, мүсінге жабыстыратын орын табу жеңіл, — деді Игорь Роговский.
Айта кетейік бұған дейін Астанада фототілші Нұрмұхаммат Имамовтың көрмесі ашылғанын жазғанбыз.