Аты аңызға айналған альпинист Нирмал Пурджа Қарақорымдағы көшкіннен қаза тапты

02.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2026 жылғы 30 шілдеде Броуд-Пик (8047 метр) тауында ірі қар көшкіні жүрді. Пурджа жетекшілік еткен 10 альпинистен құралған топ екінші және үшінші биіктік лагерлерінің арасында болған. 1 тамызда оның Elite Exped компаниясы мен Непал премьер-министрі апаттан аман қалғандардың жоқ екенін ресми түрде растады.

Қазақстандық альпинист домбыра мен Конституцияны Памир шыңына алып шықты

Бұл жолы Нирмал Пурджа әлем тарихында 14 сегізмыңдық шыңның барлығын екі мәрте бағындырған алғашқы адам атануды мақсат еткен еді.

Эльбрус тауында екі күнде алты альпинист қаза тапты

Нирмал Пурджа 2019 жылы Project Possible жобасы аясында әлемдегі барлық 14 сегізмыңдық шыңға небәрі 6 ай 6 күнде көтеріліп, әлемдік рекорд орнатқан. Оның жетістігі туралы «14 шың: Ештеңе мүмкін емес» атты деректі фильм түсірілген. Сондай-ақ ол Эверест, Лхоцзе және Макалу шыңдарына  48 сағаттың ішінде көтеріліп рекорд жасаған.

Пәкістанда 10 альпинист із-түзсіз жоғалып кетті

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью