Атырау әкімі қызметінен кетті

14.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қызметтен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық әкімдік бұл ақпаратты растады.

Аймақ басшысы оның өтінішіне қол қойды.

Кейкин әкім қызметіне 2023 жылы 10 шілде күні тағайындалған болатын. Бұған дейін сауда және интеграция министрлігінде сауда департаментін басқарған.

Еңбек жолын "Теңізмұнайкомплект" ЖШС коммерциялық бөлімнің брокері (1993–1999) болып бастаған. Одан кейін "РАМАКО" ЖШС директордың коммерция жөніндегі орынбасары, "Казстройсервис ЛТД" ЖШС директор болған. Ал 2008 жылы 8 айдай Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Сол жылы қараша айында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары болып кетті.

2009–2018 жылдары - Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі.

2018–2019 жылдары - Атырау қаласы Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы.

2019 жылы - Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

2019–2022 жылдары - Мақат ауданының әкімі.

Айта кетері, бұған дейін Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махауовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оған пара алды деген айып тағылып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью