​Атырау Астрахань жолында бір түнде бес жол апаты болды

12.10.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Видеодан алынған стоп-кадр

Атырау – Астрахань жолында бір түннің ішінде үй жануарларының қатысуымен бес жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы осы жол учаскесіне жауапты взвод командирі Ақылбек Хошаев хабарлады.

Оның айтуынша, қараусыз жолға шығып кететін төрт түлік жүргізушілерге, әсіресе қараңғыда үлкен қауіп төндіріп тұр. Мұндай жағдайда тек көлік бүлінбейді, адамдардың өмірі мен денсаулығына өте қауіпті. 

Полиция мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмауға және олардың жолға шығуына жол бермеуге шақырды.

Сондай-ақ жүргізушілерге де түнде ерекше мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау және жолда мал пайда болуы мүмкін екенін ескеру қажеттігі ескертілді.

«Мал иелерінің жауапсыздығы орны толмас өкінішке әкеп соғуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Полиция жолдағы қауіпсіздік жүргізушілердің тәртібіне де, мал иелерінің жауапкершілігіне де байланысты екенін баса айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акылбек Хошаев (@_anuarbekuly_)

Бүгін, 12:15

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью